АҚШ ДДСҰ-ны қаржыландыруды тоқтатты
АҚШ президенті Дональд Трамп бұдан былай Вашингтон Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын қаржыландырмайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ басшысының сөзінше, бұл жағдай ұйымның шынайы мәліметтерді жасырмай, коронавирусқа қарсы әрекет етуде қателіктерге бой алдыруды тоқтатқанға дейін жалғасады.
Трамп ДДСҰ-ны дер кезінде қажетті мәліметтерді таратпады деп айыптады. Сондай-ақ Ақ үй басшысы ұйым өз кезегінде індеттің қауіптілігін жұртқа дұрыс жеткізе алмады деп сөкті.
АҚШ-тың бұл шешімін БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерреш сынға алды. Айтуынша, қазір қырғи-қабақ болып, індетке қарсы күресте қаржыландыру ауадай қажет ұйымның жұмысына кедергі келтіру мүлдем қажет емес дүние.
Сонымен қатар БҰҰ өкілі вирусқа және оның салдарынан орын алатын қиындықтарға қарсы күресте халықаралық ұйымдар бірігіп күш салу керектігін жеткізді.
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған
Қазақстандық анасы қайтыс болған соң Мысырға алған турынан бас тартып, ақшасын толық қайтара алмай жүр
Галина: "Неге Қазақстан заңнамасында мұндай жағдайда ақшаны қайтарудың орнына негізсіз айыппұл салады?"