АҚШ Ай бетінен пайдалы қазбалар іздемекші
АҚШ президенті Дональд Трамтың әкімшілігі Айда пайдалы қазбаларды табу мақсатында халықаралық келісімшарт құрастыруда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Reuters басылымы жазыпты.
"Артемида келісімшарты" атты халықаралық құжат арқылы АҚШ өзінің айналасына серіктестерін жинамақшы. Алдағы он жыл ішінде олар Айда пайдалы қазбаларды іздестіруге көшеміз деген ниетте.
Құжатқа сәйкес, бірнеше апта бойы АҚШ ғарыш саласындағы серіктес мемлекеттермен, атап айтсақ, Канада, Жапония, Еуропа және БАӘ мемлекеттерімен келісім жүргізеді екен.
Атап кетерлік жайт, АҚШ пен басқа да мемлекеттер Айды ғарыштағы маңызды стратегиялық нысан ретінде бағалауда. Ғалымдар алдағы уақытта Жер серігі Марсқа апаратын алтын көпір болады деген болжам жасапты.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады