Ақордада Вьетнамнан келген қонақтарға шапан кигізілді

Фото: Ақорда кадрларынан скрин
Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламмен ресми кездесу кезінде оған шапан жапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ресми келіссөздерінен кейін Тоқаев пен То Лам кездесуді бейресми бөлімде жалғастырды. Достық пен құрмет белгісі ретінде қазақстандық тарап Лам мен онымен бірге Қазақстанға келген жұбайына қазақы шапандарды сыйға тартты.
Айта кетейік, Қазақстан президенті Вьетнам Компартиясы Орталық комитетінің бас хатшысы Ламды I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Вьетнамды бұрыннан келе жатқан тарихи тамыры бар жылы достық қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтті. Ол 1959 жылы Қазақстанға Вьетнамның тұңғыш президенті Хо Ши Мин келгенін еске алды.
Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бас хатшысы То Лам Қазақстанға 5 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келген еді.
Қазақстандық түрмелерде енді сотталғандар отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген