Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмолада мас ер адам көршісінің үйіне пышақпен кіріп, итін өлтіріп кеткен

Ақмола облысында ауыл тұрғыны көршісінің итін қан-жоса еткен. Сараба ауылының тұрғыны көршісінен қарызға ақша алуға шыққан. Неге екені белгісіз кездесуге ер адам пышақпен барған. Иесінің көз алдында ол ерекше қатыгездікпен итті пышақтап тастаған. Ал зейнеткер енді үйден шығуға қорқып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме беріп. 

видеодан скриншот

Осыдан жеті жыл бұрын Татьяна Вольф күшік тауып алып, асырап алған. Мейірімді күшік жаңа отбасыға тез үйреніп кеткен. Өкінішке қарай, итті әйелдің мас көршісі оны пышақтап өлтірген.

“Ол жарты сағат бойы үйдің есік-терезесін қағып, "Сені өлтіремін!" деп айқайлап тұрған. Ит оның көңілін аулап, мазасын қашырған. Сосын ер адам оған пышақ сұғып өлтірді. Оның бас сүйегі пышақпен тесілген, жүрегіне 3 рет пышақ сұғылған. Ал бүйірі толық зақымдалған”, – дейді жәбірленушінің қызы Татьяна Вольф.

Мұның бәрі Татьянаның анасының көз алдында болған. Енді зейнеткер сыртқа шығуға қорқып қалған. Қызы оны қауіпті көршісінен аластатуды жоспарлап отыр. Отбасы тәртіп сақшыларынан үміт жоқ дейді.

“Әрине, осындай қатыгез әрекеттерді жасаған адамның іс-әрекеттері әділ және заңды түрде жазалануы керек. Иті бар кез келген адам үшін жануар – отбасы мүшесі. Ол аулада тұра ма, үйде тұра ма, айырмашылық жоқ.

Полиция қызметкерлері өз деңгейінде жауап бермейді, тергеу әрекеттерін тиісті түрде жүргізбейді. Арыз жазылды. Осы шағымдарға жауап бергеннен кейін әрекет етеміз. Қатыгездікпен өлген жануардың иесі ветеринарларды өз бетінше іздеп, сараптамаға ақы төлеуге мәжбүр болған”, – дейді заңгер Юлия Попова. 

Татьяна тергеудің бұзақылық бабы бойынша басталғанын талап етіп отыр. Бірақ полиция қандай да бір себептермен жеке аумаққа қару-жарақпен кіруде қылмыс жоқ деп отыр. 

Ал жануарды жауыздықпен өлтірген ер адам бостандықта жүр.

“Жануарларға қатыгездікпен қарау фактісі бойынша ҚР ҚК 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тұрғынға төнген қауіп фактісі бойынша ҚР ҚК 115-бабы бойынша тергеу басталды. Күдіктіге қатысты іс жүргізу шарасы таңдалды”, – деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің қызметкері Әсем Әбдікәрімова.

Басылымның мәліметінше, ер адамға 300 мың теңге айыппұл немесе бір айға қамауға алу жазасы тағайындалуы мүмкін. Соның өзінде әйелдер күдіктінің қолынан адамдар да құрбан болуы мүмкін екенін, қорқатынын айтты.  

Талқылау