"Жігітіңе өткеніңді айтамын": Ақмола облысында әйел құрбысын жезөкшелікке мәжбүрлеген
Ақмола полицейлері жезөкшелікпен айналысуға үгіттеген қылмыстың жолын кесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақмола облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеп хабарлайды.

Ақмола полицейлері жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген қылмыстың жолын кесті. Жедел уәкілдер 28 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол өзінің бұрыннан таныс адамын интимдік қызмет көрсетуге мәжбүрлеген.
Күдікті жәбірленушіні бұрын екеуі айналысқан ортақ кәсіп туралы ақпаратты жариялаймын деп қорқытқан. Күдікті жәбірленушінің өткен өмірі туралы жас жігітіне айтамын деген сес көрсеткен.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша "жезөкшелікпен айналысуға тарту" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Куәгерлер мен дәлелді айғақтары бар. Егер қылмысы расталса, әйел үш жылға дейін түрмеге тоғытылуы мүмкін.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар