Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында мектеп оқушыларына бейәдеп сөзі бар ән тыңдатылған

Ақмола облысының Лозовск кентінде мектеп оқушылары үшін балағат сөзі бар ән тыңдатылды. Бұл оқиға 1 мамыр күні болған.

a59aa2a48326b0b6fe0bdbd327351a98_XL

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Алайда, бұл жайлы енді ғана белгілі болып отыр. Ата-аналар оқушыларға бейәдеп  сөзі бар ән тыңдатқаны жайлы білім басқармасына шағым түсірді.

Ақмола облыстық білім басқармасында бұл жайлы білетіндерін мәлімдеді. Мектеп басшысылығына сөгіс жариялап жазалағандарын айтты. 2-сынып оқушыларына сынып жетекшісі қателесіп өзге ән қойып қойған. Әнде бейәдеп сөздер айтылған. Мұның мектеп әнінің қатарына қалай түскені белгісіз.

«1 мамыр күні Сектор Газдың «О, мама, ландыши», әні орындалды. Мектепте жиналыс өтіп, Қазақстанның бірлігі күніне орай әр сынып өнер көрсетті. Алайда, ешқандай бейәдеп сөз болған жоқ. Ән бастала салысымен өзге әнге ауыстырылды», – дейді облыстық білім басқармасының орынбасары Ольга Ковалева.

Жіберіп алмаңыз:

Меруерт Түсіпбаева: Күйеуіме ақша ұсынып, мені бір түнге сұрағандар да болды

Келер аптадан бастап еліміздің барлық өңірінде тозығы жеткен көліктер қабылданады

Ғалымдар адамның тәттіден семірмейтінін дәлелдеді

АҚШ-та алматылық медициналық сақтандыру құжаты болмағандықтан ауырып қайтыс болды

Талқылау