Ақмола облысының тұрғыны болашақ енесін тонап кеткен
Ақмола облысы Атбасар ауданының полициясына егде жастағы әйел шағымданып, белгісіз біреудің үйінен 400 мың теңгесі мен 1 185 еуросын ұрлап кеткенін айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Келтірілген шығын 900 мың теңгеге тең. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы саусақ іздерін алған. Ал инспектор Қанат Шамшуалиев барлық куәгерлерден жауап алған.
Полицейлер қабылдаған шаралар нәтижесінде зардап шеккен әйелдің болашақ келіні, 32 жастағы жергілікті тұрғын күдікті деп танылды.
Әйел өз кінәсін мойныдаған. Полиция Қылмыстық кодекстің 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Заттай айғақтар, яғни ақша тәркіленіп, шағым түсірген азаматқа қайтарылды.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"