Ақмола облысында жасөспірімнің орынсыз қалжыңы үшін ата-анасы 18 миллион теңгеге дейін айыппұл арқаламақ
Ақмола облысында белгісіз біреу 102-ге қоңырау шалып, лаңкестік әрекет туралы хабар берген. Полиция оның мектеп оқушысы екенін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Абоненттік нөмір аудандық мектептің 8-сынып оқушысына тиесілі болып шықты. Бірақ оның телефонынан сыныптасы қалжыңдап, қоңырау шалған”, – деп мәлімдеді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
- Ақмола облысында көлікпен итті басып кеткен депутатқа 18 мың теңге айыппұл салынды
Жасөспірім лаңкестік туралы жалған ақпарат таратқаны үшін оның ата-анасына Қылмыстық кодекстің 273-бабына (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) сәйкес балаларын тәрбиелеуге тиісті шаралар қолданбағаны үшін 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін.
Бұған дейін тіл мәселесін көтерген шымкенттік тұрғын 184 600 теңге мөлшерінде айыппұл арқалаған еді.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты