Ақмола облысында Паралимпиада чемпионына жаңа пәтер мен көліктің кілті табысталды
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Токио Паралимпиадасынан жеңіспен оралған ақмолалық парапауэрлифтер Давид Дегтяревқа жаңа пәтер мен көліктің кілтін тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

"Спорт саласында 2 мыңнан астам маман еңбек етеді. Өңірдің қалалары мен ауылдарында 2,5 мың спорт нысанында 240 мыңнан астам әуесқой спортшылар жаттығады. Давид Дегтярев ақмолалық атлеттердің даңқты жеңістері жылнамасында лайықты орын алды. Біз оның жетістігін мақтан тұтамыз және зор денсаулық пен табыс тілейміз", – деп атап өтті Ермек Боранбайұлы.
Е.Маржықпаев чемпионға көліктің кілтін және 3 бөлмелі жаңа пәтердің сертификатын табыс етті. Ал оның жаттықтырушысы Юрий Колесников 5 миллион теңгеге ие болды.
"Мен жеңісімді тамаша еліме арнаймын", – деп қунышымен бөлісті Давид Дегтяров.
Айта кетейік, Токиода өтіп жатқан Паралимпидада ақмолалық парапауэрлифтер Давид Дегтярев Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль салған болатын.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық