Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында жігіт қылмыстық жауаптан құтылу үшін әскерге барған

Ақмола облысының тәртіп сақшылары әскерге бару арқылы есірткі қылмысы үшін қылмыстық қудалаудан қашпақ болған 19 жастағы Қостанай облысының тұрғынын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.сom

Оқиға бұдан бірнеше ай бұрын болған. Полиция қызметкерлері Көкшетауда екі жасты ұстап, олардан 20 грамнан астам психотроптық зат тәркіледі. Ұсталғаннан кейін полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті.

Алайда күдіктілер сот-химиялық сараптама қорытындысы шыққанша тұрғылықты жерінде босатылды.

Мәліметтерге сенсек, күдіктілердің бірі – Көкшетау қаласының тұрғыны, екіншісі – көршілес Қостанай облысының азаматы. Сараптама қорытындысы тыйым салынған заттардың барын растаған кезде полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Алайда жедел уәкілдер Қостанай облысына екінші күдіктіні ұстауға барғанда оның әскерге кеткенін білген.

26 тамызда Көкшетау қаласы ІІД есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері 5510 әскери бөлімінің әскери полиция бөлімімен бірлесіп, кезекшілікте жүрген жас жігітті ұстады. Енді ол өз әрекеті үшін заң алдында жауап беруі керек және сот аяқталмайынша ол әскерде қызмет ете алмайды. Жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық әскери жігіт Луганск тұрғынын қатыгездікпен өлтірді деген күдікке ілінгенін жаздық. Ростов-на-Донудағы әскери сот қызды ұрлады және өлтірді деп айыпталған үш ресейлік сарбазды соттайды. Айыпталушылардың бірі – десанттық взвод командирі, ақын Айдын Жәмидулов, оның әскери күштерді дәріптейтін өлеңдерін Ресей қорғаныс министрлігі әлеуметтік желіде жариялады. 

Талқылау