Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында қаралы күні сауық құрған әкім жазаланды

Ақмола облысында мемлекет тарапынан жарияланған қаралы күнге қарамастан сауық-сайран құрып, мерекелік кешке қатысқан аудан әкімі жазаланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесі кезекті отырыс өткізіп, онда Ерейментау ауданының әкімі А. Е. Әлжановқа қатысты тәртіптік іс қаралды.

Сонымен, 2019 жылғы 28 желтоқсан Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланғанымен, Ерейментау ауданының кәсіпорындары мен ұйымдары осы күні аудан әкімінің қатысуымен ұжымдық жаңа жылдық кеш өткізді. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарының осылайша бұзылуы қоғам тарапынан сынға ұшырады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілдері Ерейментау ауданына іссапарға аттанып, көрсетілген факті бойынша қызметтік тергеу жүргізді. Іссапар барысында әкімдіктің және ауданның басқа да жергілікті атқарушы органдарының лауазымды тұлғалары, аудан ұйымдарының қызметкерлері арасында тергеу жұмыстары жүргізіліп, істің мән-жайына қатысты материалдар тексерілді.

"Тәртіптік істі қарай отыра, А.Е. Әлжановтың өз кінәсін мойындауы туралы түсініктемесін тыңдап, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Ақмола облысының әкіміне А.Е. Әлжановқа «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынды", -деп жазылған ресми мәлімдемеде. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысында аудандық әкім қаралы күні сауық-сайран құрып, жаңа жыл тойлағаны айтылған еді. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қазақ жігіті махаббат үшін Америкаға дейін барады": Қоянбаев өтірікшілерді "ақтап" фильм түсіргені туралы

Продюсер Әсел Сағатованың шын мәнінде қандай екенін түсінгенін тілге тиек етті

Министр Қытайдан келген қазақстандықтарға өтініш айтты

Біртанов азаматтарды дәрігерге қаралуға кеңес берді

Елімізде 200 теңгелік монета айналымға шықты

200 теңгелік қағаз банкнот әлі де төлем құралы болып саналады

Қазақстан студенттерді эвакуациялау үшін Қытайға арнайы комиссия жіберуге дайын

Қазақстан Қытайға нота жолдады

Қазақстанда Қытайдан келген төрт адам ауруханаға жатқызылды

Науқастар вирустық инфекциялық күдікпен ауруханаға жатқызылды

Сыйақы бермейді, ақша жеп қойған: Түркістанда аурухана қызметкерлері басшысын кінәлады

Жұмысшылары еңбек жағдайлары мен әділетсіздікке наразылықтарын білдірді

Түркістан облысы тұрғындары көшеде кәмпит таратып жүрген шетелдіктерді көріп шу шығарды

Тұрғын: Вирус таратып жүргендер шығар, қайдан білеміз

ЦентрКредит Банкі Samsung Pay мобильді төлемдер сервисін пайдалануға іске қосты

Енді ЦКБ клиенттері Samsung Pay функциясын қолдайтын кез келген Samsung құрылғысының көмегімен сауда жасай алады

"Таразға іздеп барсам, ол шымкенттік екен": Нұрлан Қоянбаев әйелімен қалай танысқанын айтты

Актер үйленер кездегі қызықты оқиғаларын айтты

Кәсіпкерлер алдағы күндерде банкке баратын жолды ұмытады ма?

Жақын күндерде АТФБанк нарыққа ең мықты өнім – ATFBusiness шығарады
Çàãðóçêà...