Ақмола облысында қаңғыбас ит мектеп оқушысы мен директорын қапқан
Қосшыда қаңғыбас ит мектеп ауласында оқушы мен білім ордасының директорын қапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Ит жәбірденушілерді білім ордасының ауласында қуған. Алдымен баланың сөмкесін жыртқан. Оқушыға көмекке келген директорды ит тістеп алған. Қазір әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес иттің иісі іздестірілуде.
“Қаңғыбас иттер бойынша қала әкімшілігіне де хабарладық. Тағы ветеринария басқармасына да хабарлап жеткіздік. Бүгінгі таңда олардың тарапынан жұмыстар жүргізілуде. Қаңғыбас иттерді аулау қамау деген шаралар жүргізілуде” – деді мектеп директоры Нұркен Шахметов.
"Оңай" ресейлік төлем жүйесімен байланысы бар деген күдікке ілінді: Пайдаланушылар дербес деректерінің қауіпсіздігіне алаңдады
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады
Шымкенттік әйел өзін күйеуі мен енесі ұрып-соғып, екі баласымен үйден қуып жібергенін айтты
Қазір әйел екі баласымен әпкесінің үйін паналап отыр