Ақмола облысында ХҚКО қызметкерлері 2 жыл бойы көлікті заңсыз тіркеумен айналысқан
Ақмола облысында 2 жыл бойы жүк көліктерін заңсыз тіркегендер, оның ішінде мамандандырылған ХҚКО қызметкерлерінің ісі әшкереленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Тергеу барысында қаржы мониторинг агентігінің аумақтық департаменті Көкшетау қаласының ХҚКО мамандандырылған бөліміне Еуропадан әкелінген 100-ден астам автокөлік құралын алғашқы тіркеу үшін жалған төлем құжаттарын беру фактілерін анықтады. Қылмыстық іс-әрекеттің нәтижесінде мемлекетке 700 млн теңгеден астам шығын келтірілді”, – деп мәлімдеді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және күдікті адамдарға қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді