Ақмола облысында екі жасар бала әжетхана шұңқырына құлап мерт болды
Ақмола облысында қараусыз қалған бала әжетханаға арнап қазылған шұңқырға құлап, опат болды. Оқиға орнына келген құтқарушылар мен дәрігерлер баланың өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, кеш болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

"Бұланды аудандық полиция басқармасына ауыл тұрғындарының бірі жеке тұрғын үй аумағында екі жасар ұлының абайсызда әжетхана шұңқырына құлап кеткенін хабарлады", – делінген Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Баланы өз бетінше шығара алмағандықтан оқиға орнына төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен жедел жәрдем жіберілген. Құтқарушылар арнайы құралдың көмегімен баланы алып шыққан, алайда бұл кезде ол мерт болған.
Полицейлер тұрғындарды кішкентай балаларын жалғыз қалдырмауға шақырады. Бұл қайғылы оқиға мен төтенше жағдайдың алдын алады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы