Ақмола облысында әйел өзін пышақтап, күш көрсеткен күйеуімен татуласты
Ақмола облысында жанжал кезінде күйеуі өзіне пышақ салған әйел онымен қайта татуласты. Полицейлер бұл ер адамның әйеліне бірінші шабуылы емес екенін айтады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Рolisia.kz порталына сілтеме жасап.

16 сәуірде полицияға жергілікті тұрғын қалалық аурухананың қабылдау бөліміне "іш қуысына енген пышақ жарақаты, жіңішке ішектің зақымдануы" диагнозымен жеткізілген. Оқиға орнына жеткен учаскелік инспектор ерлі-зайыптылардың арасында жанжал шыққанын анықтады. Жанжалдың салдарынан бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған күйеуі әйелуне ауыр дене жарақатын келтірген.
"Полиция департаменті бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.
Алайда бұрындары да болған тұрмыстық жанжал мен күйеуінің күш көрсетуіне қарамастан әйел сот залында айыптымен татуласқан.
Мектепте хиджабқа ғана емес, діни сипаттағы кез келген киім элементіне шектеу қойылады – Дінтанушы
Дінтанушының пікірінше, талап оқушылар арасында әлеуметтік немесе діни ерекшеліктеріне қарай жіктелудің алдын алуға бағытталған
Астаналық әйелдің егіздері бірі құрсақта, бірі туған соң шетінеп кеткен: Туыстарының шағымынан кейін перзентхана тексеріліп жатыр
Іші көгеріп кеткен әйелді дерматологқа жіберіп, антибиотиктермен емдеген