Ақмола облысында әйел екі жасар немересін өлтірді деген күдікке ілінді
Ақмола облысында әйел екі жасар немересін өлтірді деген күдікке ілінді. Баланың денесі есіктің алдындағы бақшадан табылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NewTimes.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚР Қылмыстық кодексінің "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.
"Қазір қажетті тергеу және басқа да процессуалдық әрекеттер жүргізілуде. Кісі өлтірді деген күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген хабарламада.
Полиция тергеу құпиясын алға тартып, басқа ақпарат бермеді.
CMN.kz порталының мәліметінше, 2018 жылы туылған бала 2020 жылы көз жүмған. 65 жастағы әжесі немересін үйдің алдындағы бақшаға жерлеп тастаған.
Баланың жерленген қалдықтарын полиция қызметкерлері тапты. Баланың осыған дейін диспансерлік есепте тұрғаны белгілі болды.
Баланың ата-анасы туралы ақпарат жоқ.
Еске салсақ, Ақтауда 14 шағын ауданда өртеніп жатқан пәтерде 52 жастағы әйелдің денесі табылды. Көршілерінің мәліметінше, азаматтық некедегі жұбайы әйелді бауыздап өлтіріп, кейін қылмысын жасыру үшін пәтерді өртеген.