Ақмола облысында 20 жастағы жігіт жұмыс орнында аяғының бір бөлігінен айырылды
Ақмола облысында 20 жастағы тұрғынның аяғын жұмыс орнында кесіп кеткен. Аталған деректі полиция растады, қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

20 тамызда Көкшетау полиция басқармасына жедел жәрдем станциясының фельдшері облыстық аурухананың қабылдау бөліміне 20 жастағы тұрғынның түскенін мәлімдеген. Оған "Сол жақ балтырдың үштен бірінің травматикалық ампутациясы, сол жақ балтырдың жұмсақ тіндерінің зақымдалуы және жыртылған жарақаты" диагнозы қойылған.
"Жедел-тергеу тобы зардап шеккен адамның жұмыс орнында, ашалы арбамен жұмыс істеу кезінде (жүкті тасуға арналған құрылғы) жарақат алғанын анықтады. Полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 156-бабы, 2-бөлігі (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – делінген хабарламада.
Қазір мемлекеттік еңбек инспекторы тексеріс жүргізіп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалған.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар