Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 15 жастағы оқушы желіде танысқан 20 жастағы жігітке бола үйден қашты

Ақмола облысында әлеуметтік желіде танысқан жігіт үшін үйден қашып кеткен 15 жасар қыз табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

оқушы қыз

Жасөспірімді іздеу жұмыстары 10 қаңтарда басталған-ды. 

«Целиноград ауданы Қосшы ауылының полиция бөлімі пунктіне 40 жастағы жергілікті тұрғын кәмелеттік жасқа толмаған қызын табуға көмек сұрады. Ол 7 қаңтарда қызының 16:00 кезінде үйден шығып, кейін із-түссіз жоқ болғанын айтты. Үйде ешқандай жанжал болмаған. Бірақ қыз бала бірнеше рет үйден қашуға бел буған екен», - деді ведомстводағылар. 

Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының арқасында қыз баланың әлеуметтік желіде 20 жастағы жігітпен танысқаны белгілі болған.

«Қыз бала жігітке барғысы келетінін айтқан, ал жігіт өз кезегінде қарсы болмаған. Алайда қыз бала өзінің кәмелеттік жасқа толмағанын айтуды ұмытып кеткен», - деп қосты ведомстводағылар. 

Полиция қызметкерлері кәмелеттік жасқа толмаған балалардың жоғалуы туралы бірден хабар беруге шақырды. 

Талқылау