Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 15 жастағы оқушы өзіне қол салды

Ақмола облысы Астрахан ауылында 15 жасар қыз өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап. 

Қызды жақындары үйінің ауласындағы сарайда асылып тұрған жерінен тапқан. Ашық жарқын қыздың аяқ астынан мұндай әрекетке неге барғанын ешкім түсіне алар емес.  Полиция тергеуді бастады.

“Аталған факт бойынша бойынша ҚР 105-бабымен "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" сот медициналық сараптамасы тағайындалды. Тергеу жүргізілуде”, – дейді Ақмола облысы полиция басқармасының баспасөз қызметінің басшысы Гүлнар Пинчук.

Білім басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері ақмолалық оқушылар арасында 8 өз-өзіне қол жұмсау жағдайы болған. Сондай-ақ 21 бала суицид жасауға әрекет жасаған.  

Мектеп басшылығы да 9 сынып оқушысының қазасына сене алмай отыр. Өте ақкөңіл, көпшіл еді деп еске алады мектеп директоры.

“Қыз көпшіл, өмірге құштар бала болып өсті. Мінезі ашық, би үйірмесіне қатысқан. Мектеп психологының айтуынша, сиуидке бейімделу белгілерін көрсетпеген. Қазіргі таңда отбасына психологиялық көмек көрсетілуде”, – дейді Астрахан ауылы №1 жалпы орта мектебінің директоры Сәуле Балабаева. 
 

Талқылау