Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әкімдік араласа алмайды": Алматы әкімі Esentai city салымшыларына көмектесе алмайтынын айтты

Аламаты әкімі Ерболат Досаев қаладағы Esentai city тұрғын үй кешініндегі даулы мәселеге қатысты пікір білдірді. Қала басшысы бұл мәселеге араласа алмайтынын және ондағы салымшыларға көмектесе алмайтынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: видеодан скриншот / instagram: esentai_city_help

Әлеуметтік желіде Esentai city тұрғын үй кешінінің салымшылары өз шағымдарын жеткізген болатын. Айтуларынша, құрылыс компаниясындағы жағдай бүгінде ушыққан. Үлескерлер үш жылдан бері баспаналарына кіре алмай жүр. Компания басшылығы салымшылармен кездесуге шықпайтынын, ол аздай үлескерлерді рейдерлдің жақтастары ретінде көрсетуде  деген шағымдарын жеткізуде. Наразы топ бұл мәселемен әкімдікке талай рет хат жолдағанын айтты. 

Алматы әкімі Ерболат Досаев бұл мәселеге араласа алмайтынын айтты. Тек сот арқылы шешілетінін жеткізді. 

“Көбісі осы Esentai city-ға қаражат құйып келісім-шартқа отырған. Енді оларда бір ғана жол бар - сотпен шешу керек. Сотқа арыз жағып мәселені көтерсе, соттың шешімі болса әкімшілік көмек беретін болады. Үш жылдың ішінде бірнеше рет ауысты басшылығы. Қаладағы осындай мәселелерге жергілікті полиция дайын”,-деді Досаев.

Досаев  Алматыда Esentai city сияқты дауға айналған басқа да жобалар барын айтты. Бірақ жеке меншік болғандықтан әкімдік бұл іске араласа алмайды деді. 

“Бұл жеке меншік жоба болғандықтан, біз араласқан жоқпыз. Шартқа отырғанда өздері сеніп отырған. Осындай мәселе бізде бар, мысалы Үшқоңыр бар. Бірақ ол жерде ашылған жұмыстарымыз бар, оның жолдарын тауып жатырмыз.  Ал Esentai city-ге келсек, ол құрылыс компаниясының мәселесі. Одан шығып заңнама түрінде әкімшілікке, жергілікті полиция департаментіне, прокуратураға осындай арыздар келсе қараймыз. Әкімдік әзірге араласа алмайды, оған рұқсатымыз жоқ”,-деді қала әкімі.
 

Талқылау