Әкім орынбасары мен кеңесшісі арасындағы ерегес: Тараздық шенеуніктер тағы да сынға ұшырады
Тараздағы шенеуніктері тағы да даудың ортасында қалды. Бұл жолы шаһар басшысының орынбасары мен қала әкімнің кеңесшісі арасындағы ерегес әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Видеодан қос шенеуніктің бір-бірін ғайбаттап жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.
Бейнежазба кешелі бері желіде қызу талқыға түсті. Мемлекеттік қызметкерлердің бейәдеп әрекетін көпшілік сынға алды. Қала әкімдігі бұл жағдай екі ай бұрын болғанын жасырмады. Дегенмен қызметкерлеріне шаң жуытқысы жоқ.
Әкім кеңесшісінің айтуынша, шаһар басшысының орынбасары мердігермен сөзге келіп қалған, ал әкім кеңесші оларды ажыратқан. Сонымен қатар басы дауға қалған әкім кеңесшісі 10 күн бұрын ғана өз еркімен жұмыстан кетті деді. Бұл мәселені енді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облыстық департаменті қызметкерлері қарайтын болды.
"Тараз қаласы әкімінің орынбасары Асхат Есеналиев осы қызметке 2020 жылдың 26 сәуірден бері осы қызметке тағайындалған. Ал видеодағы жағдай 2021 жылдық 27 қарашасында орын алған. Енді оның ары қарайғы қызметіне қаншалықты әсер ететіндігін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі шешім шығаратын болады, - деп мәлімдеді Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі Зарина Қуатова.
Айта кетейік, бұған дейін иті өлген белсендіге басу айтпақ болған Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты желі қолданушылары қатаң сынға алған еді.