"Ақылды болма": Қарағанды әкімі Instagram желісіндегі пікірі үшін жазаланды
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әдеп жөніндегі комиссиясында Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожықовқа қатысты тәртіптік іс қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: inkaraganda.kz
Әдеп жөніндегі комиссия мүшелері Қарағанды қаласы әкімінің әлеуметтік желідегі оқырманына жазған пікіріне қатысты іс материалдарын қарады. Бұған дейін Мейрам Қожықов желідегі оқырманына "ақылды болма" деген пікір қалдырып, сынға қалған еді.
-
"Пікірін білдірді": Облыс басшысы желіде "ақылды болма" деп кеңес берген Қарағанды әкімі туралы айтты
"Тексеру барысында Қарағанды қаласы әкімінің әрекеті әлеуметтік желілерде азаматтардың сынына себеп болғаны анықталды. Анықталған фактілер бойынша комиссия әкімге сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынды", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды әкімі желі қолданушысына дөрекі жауап беріп, сынға қалғаны туралы жазған едік.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар