Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әкесі – неміс, анасы – қазақ": Димаш Құдайберген жүзік таққан арудың кім екені белгілі болды

ҚР халық әртісі Димаш Құдайберген бейтаныс аруға жүзік сыйлағаны желігі шулатты. Көп ұзамай бойжеткеннің кім екенін белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ашық дереккөз

Неке жүзіні ұстап, ақ көйлек киген қалыңдығын күтіп тұрған өнер иесінің жарнамаға түсіп жатқанын көруге болады. Алайда желі қолданушылары бейтаныс бойжеткеннің кім екенін тапты. 

“Наталья Петри – Алматы қаласының өткен жылғы сұлулық байқауының жеңімпазы. Абай атындағы қазақ ҰПУ-да ғылыми физика мамандығы бойынша оқиды. Мектеп қабырғасынан бері физикамен қоса химия, математика  пәндеріне аса қызығушылық танытқан Наталья Петри осы бағытта ұстаздық етуге бел буған. Сондай-ақ Наталья ұлттық бимен айналысады, қазақ мәдениетін жақсы көреді және қазақ тілінде еркін сөйлейді. Оның әкесі – неміс – анасы қазақ. Оқумен қатар модель болып жұмыс істеуі бойжеткеннің Димашпен бірге жарнамаға түсуіне сеп болған. Жарнамалар Алматы және Астана қалаларындағы билбордтарда қойыла бастады”, – делінген ашық дереккөзде. 



Айта кетейік, Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Түркияның Ыстамбұл қаласында “Beşiktaş” стадионында концерті өтті. Іс-шараға толықтай RAMS Qazaqstan компаниясы демеушілік етті. Әншінің күллі әлемнен жиналған жанкүйерлері оның талантына, қазақ елінің дәстүріне қалай тамсанғанына куә болды.

Бұған дейін Айтбаевтар әулетінің ортақ бизнесі туралы жазған едік. 

“Мейрамхана ашу отбасылық идея десем болады. Ата-анамның, әсіресе, әкемнің тарапынан туған ой. Соны біз де ұнатып, қостап, қолдап кеттік. Бірден құрылыс жұмыстарын жүргізіп, бизнес саласының қыр-сырын меңгеруге ізденіс жүргіздік”, – деді жас кәсіпкер Раушан Құдайберген. 

Талқылау