Әкесі мен қызы қаза тапқан: Петропавлда екі көлік соқтығысып, төрт адам тірідей жанып кетті
Фото: Qazaqstan media
Петропавлда ГАЗель мен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты. Олардың біреуі жеті жасар бала. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі
Оқиға 5 маусым күні кешкі сағат жетілер шамасында болған. "Добрый путь" дәмханасының маңында ГАЗель мен Mercedes соқтығысып, төрт адам тірідей жанып кеткен. Қаза тапқандардың арасында жеті жасар қыз да бар. Жол апатынан тағы екі адам зардап шеккен.
Алып қашып бара жатқан қалыңдық Алматы облысында жол апатынан қаза тапты
Қазақстан мен Ресей шекарасы жолындағы жол апатынан 6 шетел азаматы көз жұмды
"32 және 39 жастағы екі адам көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде болса, екіншісі травматология бөлімшесінде ем қабылдап жатыр", – делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында жол апатынан үш мектеп оқушысы қаза тапқаны туралы жазған едік.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды