Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкесі екі түрлі отбасыға сатып жіберген егіз қыздар 20 жылдан соң бір-бірін TikTok арқылы тапқан

2021 жылдың қарашасында Грузияда егіз қыздар бір-бірінің мүлдем көрмей, егіз екендерін білмей, кездейсоқ әлеуметтік желіде табысқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Super.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

19 жастағы Ано Сартанияның құрбысы оған көк шашты қыздың TikTok-тағы видеосын жіберген. Құрбысы Аноға шашын бояп тастағанын айтпағаны үшін ренжіп жазған, бірақ видеодағы Ано емес болып шықты. Осыдан кейін ол өз сыңарын табу үшін желіге пост жүктейді. Сыңары оған жауап қатып, бір-біріне жазады. Ол Тако Хвития болып шықты. 

Қыздар біраз уақыт хат алысып, кейін Тбилисидің орталығында кездескен.

"Әр адамның өз иісі болады. Мен оны құшақтағанымда, оның иісі маған өте таныс әрі жақын болды. Дауысын да бұрын естіген сияқтымын", – деді егіздің сыңары Ано.

Қыздар ДНҚ тестін тапсырып, әкесі де, шешесі де бір бауыр екенін білді.

90-жылдары Джорджияда баласы жоқ отбасыларға ондаған мың долларға сәби сататын заңсыз желі жұмыс істеген. Балалардың көпшілігі шетелге жіберілді, ал егіз Ано мен Тако өз елінде екі түрлі отбасыда қалған.

Егіздер 2002 жылы дүниеге келген. Олардың анасы Аза Шони босану кезінде комаға түсті, ал әкесі Гоча Гахария қыздар оныкі емес екеніне сенімді болған. Сондықтан ол қыздарын Грузияның әр жерінде тұратын отбасыларға заңсыз сатып жіберген. Ано Тбилисиде, ал Тако одан 250 шақырым жерде орналасқан Зугдиди қаласында өскен. Қыздар бұған дейін де 11 жасында екеуі де бір би байқауына қатысып, кезіккен екен.

Талқылау