Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әкесі балаларына көмектеспейді": Динара Қырықбаева жан сырын ақтарып, ажырасу себебін айтты

35 жасын дүркіретіп атап өткен Динара Қырықбаева жан сырын ақтарып, болашақ жарын жолықтырғысы келетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/kyrykbayeva/

Өнер иесі Анна Данченкоға сұхбат беріп, жеке өміріне тоқталды. 

“Үш баламен ажырасқаным рас. Бұрын ойлайтынмын үйдегі мәселе сыртқа шықпауы керек деп. Бірақ ол дұрыс емес екен. Менің отбасымда да түрлі жағдай болды. Мен оны ешкімге айтпадым. Ажырасқан кезде де тек “үш баламен ажырастым” деп айттым. Содан кейін жеке өмір тақырыбына жолаған емеспін. 15 жылдан кейін сахнаға оралып жатырмын. “Бағала” әнін жазып, бейнеклип түсірдік. Ер-азаматтар, әйелдерге қамқор болыңыздар! Әйелді түсінуге тырысыңыздар! Экс-министрдің іс-әрекеті қоғамды шулатты. Содан кейін қыз-келіншектер күйеулерінен зорлық-зомбылық көргенін айтып жатыр. Менің парақшама өте көп жалғызбасты әйелдер жазады. Ақыл сұрап, кеңес беруімді сұрайды. Мен оларға ештеңе айта алмаймын. Өйткені өзімнің өмірім әлі жүйелі түрде бір арнаға түспеді”, – деді өнер иесі. 



Сондай-ақ әншінің анасы да экс күйеу баласына қатысты шындықтың шетін шығарды. 

“Қызым – керемет ана. Үш баласы бар. Қызы 3-сыныпты бітірді. Ұлы мектеп табалдырығын аттайды. Немерелерім біздің қолда тұрып жатыр. Әкелері көмектесіп, қарайласпайды. Оның қасында мүгедек балаларына көмек тасып жатқан әкелер бар ғой. Балалары өте сүйкімді және ақылды. Көз көрген, оқыған отбасының баласы еді. Не үшін осындай қадамға барғанын білмеймін. Маған бұл тақырыпта әңгіме айту қиын. Екеуіне қызғаныш себеп болды-ау деп ойлаймын”, – деді Динараның анасы. 

Айта кетейік, "Балаларымды қабылдамайтын еркек керек емес" деп Динара Қырықбаева жеке өмірі туралы сыр шерткен еді. 

Талқылау