"Әкем мен атам өрттен қаза тапты": Париж Олимпиадасына қатысқан брейкдансер басынан өткен оқиғасын бөлісті (видео)
Париж Олимпиадасына қазақ атынан қатысып жатқан брейкдансер Әмір Зәкіров киген киімінде бейнеленген сурет жөнінде сөз қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: smi24.kz
Еске салайық, қазақстандық спортшы брейк бәсекесінің ширек финалына дейін жеткен еді. Олимпиададағы өнерінен кейін Закиров өзінің жеке басынан өткен оқиғасымен бөлісті.
"Бұл жолы жарысқа ерекше киіндім. Менің футболкамда балалық шағым өткен жұмысшылар ауылындағы үйімнің фотосы. Өкінішке орай, бес жыл бұрын ол жерде өрт болып, әкем мен атам қайтыс болды. Бүгін мен бұл футболканы "жұмысшы ауылынан шыққан қиын сапарымды көрсету үшін" кидім. Басымнан өткен оқиғаны осылай жеткізгім келді”, – деді спортшы.
26 жастағы Әмір Закиров Петропавл қаласының тумасы. Жұмысшылар ауылы – қала шетіндегі аудандардың бірі.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Париждегі Олимпиаданы жеті медальмен аяқтады.
Қазақстан әскеріндегі шулы істер: Сарбаздар өлімі бойынша кімдер сотталды
Қоғамда үлкен резонанс тудырған және сот үкімімен аяқталған істерді жинадық
"Үйде нан бар деп күлді": Көршісінің шелпегін алмай қойған қыздың әрекеті желіде дауға ұласты
Оқырмандардың бірі "шелпектің қандай қолмен дайындалғанын кім білсін?" деп айтқан