Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкелеріне барғысы келген: Жамбыл облысында жүк пойызына жармасқан балалар ауруханаға түсті

Жамбыл облысында 7 және 9 жастағы балалар әкелеріне бару үшін жүк пойызына жармасып, вагондардың біріне ілмесіп алған. Нәтижесінде балалар ауруханаға түсіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

пойыз

“29 тамыз күні сағат 22.40 шамасында Көлік полициясына Жамбыл облысының тұрғыны 53 жастағы шопаннан хабарлама келіп түсті. Ер адам Тамды-Талас темір жол бағытында келе жатқан жүк пойызының вагондарында кәмелетке толмаған екі баланы байқағанын айтты. Хабарламаны алған полицейлер дереу іздеуге кірісті”, - деп мәлімдеді көліктегі полиция департаменті.

40 минутқа созылған іздеу жұмыстарынан кейін полиция балаларды табады. 9 жасар бала Билекөл ауылының маңында, ал оның 7 жасар інісі Жұма стансасы маңындағы темір жолдың жанынан табылды. Балалар Талас облысының орталық ауруханасына жатқызылды.



“Тексеру кезінде кәмелетке толмағандардың Қаратау қаласында анасымен бірге тұратыны анықталды. 29 тамыз күні олар Жамбыл облысының Тамды қаласындағы әжесіне қонаққа барған. Қараусыз қалған балалар көрші ауылда тұратын әкесіне баруды ұйғарады. Олардың ата-анасы ажырасып кеткен. Осы мақсатта балалар Тамды стансасында жүк пойызының соңғы вагонына жармасады. Жолда жүк пойызы жылдамдығын арттыра бергенде, балалар қорқып, Жұма станциясының маңында секіріп кеткен”, - деп түсіндірді полиция.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабының 1-бөлігі (Темір жол қозғалысы қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көлік полициясытемір жолдың - қауіпті нысан екенін тағы бір мәрте еске салады.

Талқылау