Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әке, мен үлкен болдым ба": Әкесі мен баласының араға 10 жыл салып түсірген видеосы қазақстандықтарды елжіретті

Желіде тараған әкесі мен баласының видеосы қазақстандықтардың жүрегін елжіретті. Видеода әкесінің баласын алғаш сабаққа әкелген кезі мен бірнеше жылдан кейін дәл солай екеуінің 11-сыныптағы кезі көрсетілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото желі кадрларынан

Видеоға баланың қолына гүл ұстап, алғаш мектепке бара жатқаны түсірілген. Мұнда ол әкесінің қойған сұрақтарына жауап беріп, “мектебі қайда екенін, қай сыныпқа бара жатқанын” білмейтінін айтады. Және әкесінен “әке, мен үлкен болып кеттім бе?” деп сұрайды. Әкесі де оған “иә” деп жауап береді. 

Ал видеоның жалғасында ол баланың бірнеше жылдан соң 11-сыныпқа өтіп, дәл солай әкесімен бірге бара жатқаны көрсетілген. 

 – Балам қайда барасың?

 – Сабаққа…

 – Нешінші сынып?

 – 11-сынып, әке мен үлкен болып кеттім бе?

 – Иәә үлкен болдың, – делінген әкесі мен баласының диалогында.



Бұл видеоға жұрт ерекше назар аудары, жүрегі елжіреді. Сонымен қатар біразы көптеген пікір қалдырды.

“Жылап қалдық, қандай керемет естелік”, “Уақыт қалай тез, көз жасымды ұстай алмай отырмын”, “Өмірімде көрген ең керемет видео”, “Жүрегім-ай”, “Қандай жүрек тебірентер видео”, – деп жазды желі қолданушылары. 

@hello___2024

 

♬ оригинальный звук - HELLO♐♐♐♐
Талқылау