Балабақша бітіргенін лимузинде тойлаған бүлдіршіндердің видеосы желіде қызу талқыланды (видео)
Желіде жаңаөзендік мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің балабақша бітіргендерін лимузинде тойлап жатқаны көрсетілген видео тарады.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видео Instagram-дағы Zhanaozen_online парақшасында жарияланған. Кадрларда кішкентай "түлектер" қазақстандық “Ирина Кайратовна” тобының әніне қосылып, әндетіп, билейді.
Бүлдіршіндердің балабақшамен қоштасу кешіне тыңғылықты дайындалғаны көрініп тұр. Киімдері, ленталары, бантиктері бірдей.
Желі қолданушылары ысырапқа жол берген ата-аналар мен тәрбиешілерді айыптады.
"Мұны кім ойлап тапты? Ата-аналар ма, тәрбиеші ме?"
"Бұлай жасауға болмайды. Балалар дайын дүниеге үйреніп алады да, кейін нағыз өмірге дайын болмай шығады".
"Олар 11 бітіріп жатқан жоқ қой? Бұлай жасаудың қажеті қанша?"
"Мектеп бітіргенде ұшақ жалдайтын шығар, ата-аналарының ақшасы қалтасына сыймай жүрген болар", – деп жазды желі қолданушылары.
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті