"Әке, ана, сіздерді жақсы көремін": Әскери қызметкердің жарылыс кезіндегі видеосы жұрттың жүрегін ауыртты (видео)
Желіде қазақстандық әскери қызметкердің видеосы тарады. Видеожазбада ол ата-анасына жақсы көретінін айтуда. Ал кадр сыртында жарылыстың дыбысы естіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде тараған видеодан жарылыстың дыбысы естіледі. Әскери қызметкер эмоциясын жасыра алмай, тынысы жиілейді.
«Егер тірі қалмасам... Әке, ана, сіздерді жақсы көремін», - дейді әскери киім киген жігіт видеода.
Видеода ол жарылыс орындарынан шығып жатқан түтінді көрсетті.
Оның жанынан өзге де әскери қызметкерлер байқалады.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айтылады!
Желі қолданушылары видеоны көріп, жүрегі ауырғанын айтуда. Олар әскери қызметкерлердің қиындық пен қатерге қарамастан, отан алдындағы борышын өтеп жүргендерін атап өтті.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған