Ақбота Сейітмағамбет ел алдында Дәурен Айдарқұловтан кешірім сұрады
КешYou тобының экс-әншісі Ақбота Сейітмағамбет ел алдында бұрынғы сүйіктісі Дәурен Айдарқұловтан кешірім сұрады. Ақбота “Хабар” арнасының “Тікелей эфир” бағдарламасы барысында Дәуренмен айырылысып кетсе де, оған кек сақтамайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Жеке өмірі туралы ағынан жарылып сұхбат берген Ақбота өзін тәрбиелеп өсірген апасына алғысын жеткізе отырып, жерге қаратқаны үшін кешірім сұрады.
“Мені асырап-баққан, бар жиған-тергенін маған төккен, жұрттан кем қылмай өсірген, ата-анассыз өссем де жетімсіремесін деп барын берген апам мен бауырыма үлкен алғысымды айтамын, кешірім де сұраймын. Екіншіден, мені үлкен сахнаға алып шыққан, жетістікке жеткізген Баян Мақсатқызынан да кешірім сұрамаған болатынмын, осы бағдарламаның арқасында рахметімді де айтқым келеді. Кімді ренжіттім, бауырларым, достарым, бәрінен кешірім сұраймын”, – деді көңілі босаған Ақбота.
Ақбота әлеуметтік желі арқылы намысына тиіп, түрлі сөздер жазған Дәурен Айдарқұловтан да кешірім сұрады.
“Және өзімнің жолдасым Дәуренді де біраз ренжіткен шығармын. Ол кісінің де жүрегі ауыратынын білемін. Сондықтан ол кісіден де кешірім сұраймын және өзімнің әлі күнге дейін ренжімегенімді айтқым келеді”, – деген Ақбота көзіне жас алып, жылап қалды.
Жіберіп алмаңыз:
Нұртас Адамбай: “Жұлдыз” болғанымның арқасында халыққа көмектесе аламын
Әнші Рүстем Жүгінісов отау құрып, дүркіретіп той өткізді (фото, видео)
Жеке өмірі туралы бар шындықты айтқан Ақбота көз жасына ерік берді