Ақбота Сейітмағамбет ажырасқаннан кейінгі өмірі жайлы айтты
2017 жылы жеке өміріндегі шу арқылы ел аузынан түспеген Ақбота Сейітмағамбеттің биылға жоспары басқа. Жас өнер иесі енді тек жақсы жағынан танылуды көздейді. Ол үшін Ақбота талмай-тынбай еңбек етіп, аянып қалмақ емес.
“Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына берген сұхбатында Ақбота ажырасқаннан кейінгі өмірі жайлы сыр шертті, деп жазады Stan.kz.
“2018 жылы шығармашылыққа көбірек көңіл бөлсем деген ойым бар. Халық та, журналистер де жеке өмірімнен қарағанда өнерім туралы көбірек айтса деймін”, – дейді Ақбота ағынан жарылып.
Иә, Ақбота қазірде шығармашылыққа білек сыбана кіріскен. Отандық телехикаяға түсіп, жеке әнші ретіндегі алғашқы әнін жарыққа шығарды. “Қайда, қайда” атты әнді көпшілік Дәурен Айдарқұловқа арналған деп ойласа керек. Себебі:
“Жолдасыммен айырылысып кеткендіктен, “Қайда, қайда” әні соған арналған екен деген қауесет болуы мүмкін. Соның алдын алып айтып кетейін: Бұл ән жай ғана махаббат сезімін, пәк махаббатты білдіретін ән. Мен сені күтіп едім, тастап кеттің, алдап кеттің деген сөздер жоқ ішінде. Тек қана нәзік, тәтті сөздермен жеткізілген ән”, – деп түсіндірді Сейітмағамбет.
Жіберіп алмаңыз:
Таиландта піл Ернар Айдарды таптап кете жаздады (видео)
Қайрат Нұртас отбасымен қобызшы Ақерке Тәжібаеваны перзентханадан шығарып алды (фото, видео)
Танымал әнші Ерлан Көкеев Bek Air әуе компаниясын сотқа бермек
Төреғали Төреәлі мен Мөлдір Әуелбекова Мейрамбектің әніне бейнебаян түсірді (видео)