Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас отбасымен қобызшы Ақерке Тәжібаеваны перзентханадан шығарып алды (фото, видео)

Таяуда ғана босанып, қызды болған қобызшы, Қайрат Нұртастың бөлесі Ақерке Тәжібаеваны жұлдыздың отбасы перзентханадан шығарып алды, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы Қайрат Нұртас Instagram желісіндегі парақшасында жазып, бөлесінің сәбиімен перзентханадан шыққан сәтінің видеосын жариялады.

«Бұл дүниеде Алланың үлкен сыйы – ол отбасың, балаларың. Бала кезден қатар өскен туған бөлем, әпкем, белгілі қобызшы Ақерке Тәжібаева мен Есенжолды нәрестелі болуымен шын жүректен құттықтаймын! Бауы берік, дені сау болсын!» – деп жазды әнші.

 

Әншінің жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова да Ақеркені құттықтап, перзентханада түскен суретін жариялады. Сондай-ақ ол дүниеге келген сәбиді Айкөркем деп атағандарын жазды.

 

Өз кезегінде желі қолданушылары да қобызшыны құттықтап, ақ тілектерін жаудырып жатты.

Естеріңізге сала кетсек, Қайрат Нұртастың бөлесі, белгілі қобызшы Ақерке Тәжібаева тұңғышын босанды. Ол 7 қаңтар күні қызды болған еді.

Оқи отырыңыз:

Дженнифер Лопес Gucci-ден 1340 долларға сатып алған шұлығын көрсетіп мақтанды (фото)

Танымал әнші Ерлан Көкеев Bek Air әуе компаниясын сотқа бермек

Төреғали Төреәлі мен Мөлдір Әуелбекова Мейрамбектің әніне бейнебаян түсірді (видео)

Димаш Құдайбергенді Ақтөбелік халыққа қызмет көрсету орталығы қалай қабылдады?

Талқылау