Ақбота-Нұрға сөз салып, елді шулатқан актер отбасы жайлы айтты
Актер Шерхан Пірназар жұбайы мен балалары жайлы айтты. Ол Hit-TV арнасының "Менің өмірім" бағдарламасына сұхбат берді.

Ақбота-Нұр Сейтмағамбетке сөз салғаннан кейін Шерхан Пірназарды танитын көрермендер саны артқаны рас. Алайда таңғы бағдарламаны жүргізетін қос әріптес мұны арнаның тапсырысымен, пиар үшін жасаған ұқсайды. Шын мәнінде Шерханның өз отбасы бар болып шықты.
"Жұбайым оңтүстіктің тумасы, Алматыда туып-өскен. Мамандығы актриса, эстрада және цирк колледжін, Нұр-Сұлтан қаласындағы "Шабыт" университетін бітірген. Қазір кино саласында.. Алуа Қонарова апайымыздың көмекшісі, "Ринго" тобының әкімшісі болып жүрді. Қазіргі кезде декреттік демалыста, үйде отыр", - дейді Шерхан.
Актердің Әдемі есімді қызы, Рауан есімді ұлы бар. Кенжесі осыдан он күндей бұрын дүниеге келді.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды