Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота-Нұр: Сүйген адам сүймейді деп налыма

Ақбота-Нұр желіде әсерлі өлең шумақтарын жариялады. Махаббаттан сыр шертететін өлең жолдары әншінің өз сезімінен хабар беріп тұрғандай. 

4 жыл бұрын махаббат туралы фильмде басты рөлді ойнаған Дәурен ме Ақботаның махаббаты шын өмірде жалғасын тапты. Отбасылы азамат жас әншіні екінші жары етіп алды. Алайда жақын күндері бұл некесінің де бұзылғанын мәлім етті. 

Олардың қазіргі жағдайына алаңдаған желі оқырмандарының көкейінде сан сауалдар қалып қойды.

Ақбота желідегі парақшасында ақын Саят Әбеновтің өлең жолдарын жариялады. Бұл әншінің көңіл-күйінен хабар беріп тұрғандай әсер қалдырады. 


"Жақында бірге боламыз": Дәурен Айдарқұлов пен бірінші некесінен туған балаларының суреті қызу талқыға түсті


Бәрі сынақ өмір-дейтін айдында.
Жолың болмай қалса сонша қайғырма,
Бір күндері айың туар оңынан,
Көп берілме уайым жұтып жай мұңға.

Сүйген адам сүймейді деп налыма,
Жабырқама жара салып жаныңа.
Ең бастысы біле жүрші ұмытпай,
Бұйырар жан бар екенін бағыңа.

"Әдемісің қызығам бір мін жоқ жүзіңде", "Біздің сүйкімдіміз. Тек қана бақытты болыңыз", "Енді дұрыс болды, Дауреннен де керемет жігітке лайықсың", "Жол бұралаң сезім тура, ой тура. Жол түскен соң болмас кейін қайтуға, Сүйген адам сезімі үшін бақытты, Болмайды оны бақытсыз деп айтуға", "Неге сезімдерің өшті?", - деп жазды желі қолданушылары. 

Талқылау