Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Керімбекова Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атағын не себепті ала алмай жүргенін түсіндірді

Отандық әнші Ақбота Керімбекова Аман Тасығанға берген сұхбатында мемлекет тарапынан еленбей жүргенінің себебін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

©instagram.com/botakerim

Мемлекет лайықтап атақ бермесе де Ақбота Керімбекова оған еш өкінбейтінін айтты.

“Менің өнердегі әріптестерімде болмаса, менде ешқандай өкініш жоқ. Үйде анам да: “Қызым, әндеріңді жаздырып, концерт беріп жүрсің. Сені елеп-ескерме ме?” деп айтып қалады. Анық атақ пен дүниеге қызығатын болсам, менің қолымнан келер еді. Бірақ мұның бәрі маған қызық емес. Мен үшін халықтың берген бағасы, елдің Ақботасы болып жүргенім мың есе артық. Мен “Гүлдер” ансамблінде жұмыс істеп жүрген кезде мені атаққа ұсынбақшы болды. Жасыратыны жоқ, “Жоғарыда көкелерің бар ма?” деп сұрады. Менің бір Алладан басқа көкем де, тәтем де жоқ. Сондан атақтың қалай алынатынын түсіндім. “Осынша ақша берсе, осындай атаққа ілінесің” деп хабарласқандар да болды. Мұны өнердегі әріптестерім де біледі. Аттақтың бәрі сатылады деп ойлап қалмасын, оған лайық әншілер де бар”, – дейді әнші басынан өткенін баяндап.

Талқылау