Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақ үй АҚШ пен Ұлыбритания ғана нацизмді жеңді деп мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Twitter-дегі парақшасында жарияланған видеода тек АҚШ пен Ұлыбританияны ғана нацизмнің жеңімпаздары деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"1945 жылы 8 мамырда Америка мен Ұлыбритания фашистерді жеңді! Американың рухы әрқашан жеңіске жетеді. Ақыры соңында, дәл осылай болады", - делінген видеода. Кеңес Одағының фашистерді жеңудегі рөлі видеода көрсетілмеген. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл видеоны жақсы қабылдай алған жоқ. Көптеген адамдар Кеңес Одағы туралы айтпағаны үшін наразылық білдірді. Кейбір қолданушылар жауап ретінде аңызға айналған суретті орналастырды, онда совет жауынгері Рейхстаг үстінде Жеңіс Туын көтеріп тұр.

 

Бұған дейін Америка Құрама Штаттарындағы Ресейдің елшісі Анатолий Антонов Кеңес Одағының Екінші дүниежүзілік соғыстағы рөлін және нацизмді жеңу жолындағы үлесін төмендету әрекеттерін орынсыз деп атады. Дипломат Ресейдің жаңсақ ақпарат таратқандарға үнсіз қалмауы керек деп санайды.

Мамыр айының басында Ресей елшілігі АҚШ билігін Екінші дүниежүзілік соғыс тарихын қайта жазуға тырысып, нацизмді жеңудегі КСРО-ның рөлін төмендетуге тырысты деп айыптады. Содан кейін АҚШ елшілігі Мажарстандағы грантқа үміткерлерді "Кеңес Одағының озбырлығына" қарсылығына "назар аударуға" шақырды. Гранттың сипаттамасында жазылған дәл осы сөздерді Ресей елшілігі "тарихты қайта жазуға тырысуда" деп санады.

Жеңіс күні қарсаңында Ресей президенті Владимир Путин "Россия 1" телеарнасында Андрей Кондрашовтың "Война за память" фильміне берген сұхбатында Ресейдің Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты ешқандай кінәсі жоқ және бола алмайтынын айтты. Президенттің пікірінше, тарихты қайта жазуға және КСРО-да болған оқиғаларды айыптауға тырысқандарды ақтау мүмкін емес.

Талқылау