Air Astana Алматы–Мале бағытындағы рейстің кешіктірілу себебін түсіндірді
Air Astana Алматы–Мале бағытындағы рейстің кешіктірілу себебін түсіндірді. Ұшақ ақаулар шыққандықтан Алматы әуежайына қайта оралуға мәжбүр болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"16 шілдеде Алматы - Мале бағыты бойынша KC585 рейсін орындайтын Air Astana әуе компаниясының Airbus A321 ұшағы кесте бойынша сағат 01:47-де ұшты. Алайда ұшу кезінде қозғалтқыш және индикатор сенсоры істен шықты. Қауіпсіздік процедураларына сәйкес ақауды жою үшін ұшақ әуежайға қайта оралу туралы шешім қабылданды. Сағат 03:30-да ұшақ Алматыға қалыпты режимде қонды", - делінген хабарламада.
Бұл рейс бүгін сағат 18:15-те ұшады.
Алтын мен әшекей бұйымдарды қалай ажыратуға болады: Зергер көпшілік біле бермейтін белгілерді атады
Алтынның шынайылығын тек түсіне, жылтырына немесе салмағына қарап анықтау дұрыс емес
19 жастағы Аяжан Еділова қалай қаза тапты: Бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген қылмыстың хронологиясы
Аяжан Еділова бар болғаны 19 жасында кісі қолынан қаза тапты