Әйел үйіндегі қоқыстың кесірінен төрт жыл бойы баспалдақ алаңында ұйықтаған
Сингапурда үйі жиналған заттар мен қоқысқа толып кеткен әйел төрт жыл бойы лифт маңындағы баспалдақ алаңында түнеуге мәжбүр болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Mothership басылымының мәліметінше, оның пәтерін тазалауға 30-дан астам ерікті келген.
Пәтер иесі бірнеше жыл бойы түрлі заттарды жинай берген. Үйдің іші еденнен төбеге дейін үйілген дүниеге толып, кіреберіс есік те толық ашылмай қалған.
Пәтер ішінде жататын орын болмағандықтан, әйел түндерін сыртта, баспалдақ алаңында өткізген.
9 тамызда еріктілер келіп, үйді тазалап, әйелге қауіпсіз ұйықтайтын орын дайындап берген.
Тазалық кезінде үйінді арасынан пәтер иесі үшін бағалы, бірақ өзі әлдеқашан ұмытып кеткен заттар да табылған.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар
