Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел отбасылық жанжал кезінде күйеуінің жыныс мүшесіне өткір затпен шабуыл жасаған

Ер адам
Фото: Magnific.com

Бангладеште отбасылық жанжал кезінде күйеуінің жыныс мүшесіне зақым келтірген әйелді полиция ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Observer Online Report-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Нараянгандж қаласында болған. Куәгерлердің айтуынша, жанжал 12 тамыз, сәрсенбі күні кешке шыққан. Оған 32 жастағы Зиаурул Исламның 28 жастағы әйелі Сабикуна Нахару Мимді еркінен тыс жыныстық қатынасқа мәжбүрлеуге әрекеттенуі себеп болған.

Әйел қолына өткір зат алып, ер адамның шап тұсына соққы жасаған. Айғай-шуды естіген көршілер полиция шақырған.

Жарақат алған Ислам шұғыл түрде Дакка медициналық колледжінің ауруханасына жеткізілді. Ал Мим полиция бөлімшесіне әкетілген.

Ұсталған әйелдің сөзінше, олардың некесі іс жүзінде 2023 жылғы қыркүйекте бұзылған. Ол содан бері Исламның өз еркінен тыс жақындасуға бірнеше рет әрекет жасағанын айтқан.

Мим ер адам биыл көктемде басқа әйелге үйленгенімен, бұрынғы әйеліне келуін тоқтатпағанын және одан ақша алып жүргенін мәлімдеді.

Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың заңды мәртебесін анықтап жатыр.

Балнұр Рахматуллақызы
Дүйсенбі, 17 Тамыз, 2026 21:15