Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы жанармай құю бекеттерінен АИ-92 бензині АИ-95 ретінде сатылған

жанармай заңбұзушылық
Фото: magnific.com

Қызылорда облысында АИ-92 бензині АИ-95 ретінде сатылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сауда министрлігінің бейінді комитетінің мәліметінше, Алматыдағы кейбір жанармай құю бекеттеріндегі отын да октандық сан бойынша тексерістен өтпеген. Бұл жолы мәселе АИ-100 маркасына қатысты болып отыр.

Ал Жетісу облысында АИ-92 бензинінің құрамындағы күкірт мөлшері нормадан екі есе жоғары болған.

Бұл сынамалардың барлығы қазақстандықтардың жанармай сапасына қатысты жаппай шағымдары басталмай тұрып тексерілген. Қазір Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық департаменттерінде еліміздің автокөлік жүргізушілерінен түскен 12 өтініш қаралып жатыр.

Бұған дейін қазақстандықтар жанармай сапасына шағымданған еді. Кейін Павлодар мұнай-химия зауыты АИ-95 және АИ-98 маркалы бензиннің сапасына қатысты көлік жүргізушілерінен түскен шағымдардан кейін тексеру жүргізілгенін мәлімдеді. 25 тамызда жанармайдың арбитраждық үлгілері тәуелсіз SGS Kazakhstan зертханасында сыналған. Зауыт өкілдерінің мәліметінше, сараптама нәтижесінде тексерілген бензин үлгілерінің ГОСТ 32513 талаптарына толық сәйкес келетіні анықталған. 

Айым Болатқызы
Жұма, 04 Қыркүйек, 2026 08:24