Алматыда тұрғын үйлер аумағында егеуқұйрықтарға қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіледі
Алматыда егеуқұйрықтарға қарсы жаппай күрес басталады. 15 қыркүйектен бастап қала аумағындағы 47 мың гектардан астам жерде залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Кеміргіштермен күрес тек көшелер мен өзен жағалауларында ғана емес, тұрғын үйлердің аумағында да жүргізілмек. Жұмысқа мүлік иелерінің бірлестігі мен пәтер иелері кооперативі төрағалары, сондай-ақ кәсіп иелері мен жеке үйлердің тұрғындары да қатысуы тиіс.
Өңдеу жұмыстары ортақ пайдаланылатын аумақтарда, су айдындарының бойында, сондай-ақ кеміргіштер жиі мекендейтін жерлерде жүргізіледі. Олардың қатарына қоқыс контейнерлері орналасқан алаңдар, сауда және қоғамдық тамақтану нысандары жатады.
Жеке сектор тұрғындарына қолдану жөніндегі нұсқаулығымен бірге арнайы жемтіктер тегін беріледі. Ал үй иелері өз үйлеріне іргелес аумақты өздері өңдеуі тиіс.
Науқан бір айдан астам уақытқа созылады.
Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды басқару басқармасының абаттандыру бөлімінің бас маманы Райымбек Досмұхановтың айтуынша, Алматыда дератизация жұмыстары кеміргіштердің санын көбейтпеу және қаланың санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жылына екі рет тұрақты түрде жүргізіледі. Биыл 15 қыркүйек пен 25 қазан аралығында қала бойынша күзгі жаппай дератизация жүргізіледі.
Қазақстандық оқушыны спорттық аяқ киіммен барғаны үшін мектепке кіргізбей қойған