Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының әкімі қызметінен босатылды

Марат Сұлтанғазиев
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Марат Сұлтанғазиев қызметінен кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды”, – деп жазды Ақорда. 

Марат Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша — экономист-қаржыгер, заңгер, іскерлік әкімшілендіру магистрі.

Мансап

1997 - 1999 жылдары - Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Салық комитетінің салық аудиті бөлімінің салық инспекторы;

1999 - 2001 жылдары - Алматы қаласы бойынша Салық комитеті әкімшілендіру басқармасының үйлестіру бөлімінің салық инспекторы, заңды тұлғалар аудиті бөлімінің жетекші, бас салық инспекторы;

2001 - 2006 жылдары - Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Салық комитетінің аудит бөлімінің бастығы;

2006 - 2008 жылдары - салықтық апелляциялар, түсіндірулер және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, Алматы қаласы бойынша Салық комитеті салықтық аудит басқармасының бастығы

2008 - 2010 жылдары - Алматы қаласы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары

2010 - 2012 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы мәселелерін үйлестіру, кірістерді талдау және болжау департаментінің директоры;

2012 - 2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі

2014 - 2018 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы

2018 - 2021 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы

2021 - 2022 жылдар - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

2022 - 2022 жылдар - Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі

11.06.2022 - Алматы облысының әкімі

Басқа лауазымдар:

16.08.2021 жыл - "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар:

2019 жылы – "Құрмет" ордені.

Бұған дейін депутаттар Алматы облысына жаңа әкім тағайындау үшін жиналатыны туралы жазған едік. 4 қыркүйекте облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары өңір басшысы қызметіне ұсынылған кандидаттарды қарау үшін жиналады. Қолданыстағы тәртіп бойынша мемлекет басшысы облыс әкімі қызметіне кемінде екі кандидат ұсынады. Мәслихат депутаттары олардың кандидатурасын талқылап, дауыс береді. Депутаттардың келісімінен кейін президент облыс әкімін тағайындайды.

Айым Болатқызы
Жұма, 04 Қыркүйек, 2026 09:02