АЭС салу бойынша референдумды биыл өткізе аламыз - Орталық сайлау комиссиясы
Егер атом электр станцияларын салу бойынша референдумды биыл өткізу туралы шешім қабылданса, Орталық сайлау комиссиясы мұны өткізуге дайын. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мұны Мәжіліс кулуарларында ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов мәлімдеді.
Өтемісовтың айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы дайындық жұмыстарын жүргізуде.
"Барлық қажетті жұмыстар – дайындық, соның ішінде сайлаушылар тізімін жасау және аумақтық сайлау комиссиялары жүргізуі тиіс нәрселер жоспарлы режимде жүріп жатыр", – деді ОСК мүшесі.
Алайда Орталық сайлау комиссиясында референдум өткізу мерзімі туралы нақты ақпарат жоқ.
Қазақстанда орынбасарлары сотталған әкімдер отставкаға кетті ме: Шолу
Қазақстан заңнамасында орынбасары сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған әкім 10 күн ішінде отставкаға өтініш беруі тиіс
Дәрігерден медбикеге дейін ақша сұрайды: Қазақстандық келіншектер перзентханадағы былықтарды ашты
Пікір қалдырғандардың басым бөлігі кейбір перзентханаларда көрімдік сұрау қалыпты жағдайға айналып кеткенін айтты