АЭС бойынша референдумға жұмсалатын шығын 16 млрд теңге бола ма – Жамаубаев жауап берді
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев атом электр станциясы бойынша өтетін референдумға былтырғы референдумға бөлінген қаражаттан аз қаражат бөлінетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: primeminister.kz
Мәжіліс кулуарында Ерұлан Жамаубаев АЭС құрылысы бойынша референдумды өткізуге қанша қаражат бөлінетіні туралы сұраққа жауап берді.
Министрдің сөзінше, алдымен орталық сайлау комиссиясы бюджет процесі бойынша бізге тиісті тапсырыс береді.
“Қанша қаражат керек екенін айтады. Олардың есептеулерін алмай тұрып, қалай айтамын", – деді ол.
Осы орайда БАҚ өкілдері оған шығын мөлшері былтырғы референдумнан аспауы мүмкін бе деп сұрады.
"Мүмкін, басқаша әдістер қолданылар. Сол себепті ондай үлкен қаражат кетеді деп ойламаймын. Аз болуы керек", – деп жауап берді Жамаубаев.
Айта кетсек, 2022 жылы Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумды өткізуге бюджеттен 16,4 млрд теңге бөлінген болатын.
Талқылау
ТЭЦ-тің газға ауысуы Алматыдағы лас ауа проблемасын шеше ала ма: Сарапшылар мегаполистегі қалың тұмша неден түзілетінін талдап берді
Қыстағы лас ауа деңгейі айына 70 темекі түтінін жұтқанмен тең
Бір айда самокат айдаған 6,5 мың адамға айыппұл салынған: Қазақстандық кикшеринг иелері тәртіп бұзғандарды қалай жазалайды?
Самокатты жоғалтса, 195 000 мен 840 000 теңге аралығында айыппұл салынады