Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тек дәрет алып, ер адамдарға ғана жинауға рұқсат: Адыраспан қандай ауруларға ем болады?

Адыраспанның жай шөп емес екенін қазақ халқы ертеден-ақ біліп ем-дом ретінде түрлі аурулардың алдын алған. Stan.kz тілшісі этнографтарға хабарласып, қазақ халқы медицина келгенге дейін қалай аурудан айыққанын және емдік шөптердің біз біле бермейін емдік қасиеттерін сұрап көрді.  

ара

Ежелден шығыс елдерінің халқы адыраспанды қасиетті, жын-шайтаннан қорғайтын, сәттілік әкелетін және емдік қасиеті күшті өсімдік деп есептеген. 

Адыраспан – сортаңдау ыстық өлкеде кездесетін, басында ащы дәні бар дәрілік өсімдік. Киелі, әрі емдік қасиеті жоғары деп саналатын адыраспанды дәстүрлі ортада жұлардың алдында киесі ұрады деп алдын ала дәрет алып, ерте аттанып барып иіліп сәлем берген: 

Ассалаумәләйкум, адыраспан, 
Бізді сізге жіберді Омар, Оспан. 
Кеселге жеті түрлі ем болсын деп, 
Әкім Лұқпан пірлері ақыл қосқан.
Соңынан малдас құрып, Құран аяттарын оқиды.

Адыраспанды тек ер адам ғана жинайды, қапқа салып жинап алып, кептіріп қояды. Ертеде әйел босана алмай қиналып жатқанда, зиянды күштерді адыраспан түтінімен қуатын болған. Адыраспанмен баланың бесігін және сырқат адамды да аластайды. Тіл мен көз тигендерді емдегенде адыраспанды түтетіп, тұзды басынан айналдырып, отқа тастайды.

Сонда: 

Алас-алас, мың бір бәлеңнен қалас, 
Тілдінің тілінен, көре алмағанның көзінен сақта! – деп отқа тұз тастайды. 

Адыраспанмен аластау рәсімі қазіргі күнде де қазақтар арасында кеңінен қолданылады. Адыраспан қазақ үшін қасиетті шөп болғандықтан бәле-жаладан сақтайды деп үйдің ішіндегі көрнекілеу жерге – кереге басына іліп қояды. Жаңа үйге кірерде босағаға жын-шайтан мүлдем жоламасын деп, адыраспанмен аластаған.

Сонымен қатар, бұл өсімдікті иесіз үйді иесі жоқ кезде жайлап алған беймәлім жын-шайтандардан тазарту үшін адыраспанның бір бұтағын отқа салып тұтатып, аластайтын болған.

Сондай-ақ, ауыл әйелдері бірігіп текемет басқанда, әзірленіп жатқан текемет, киіздің қасына көз тимесін деп адыраспан және қызыл түсті мата төсейді. Өйткені, ондайда текеметке немесе киізге көз тисе, салынған өрнектер қиғаш немесе қисық түседі-мыс.

«Адыраспан, адыраспан шыққан жерді, сірә, баспан» деп келетін магиялық формула-тіркес адыраспанның дәстүрлі түсінікке сәйкес айырықша қасиетіне байланысты қалыптасса керек. Адыраспанның магиялық киелі қасиетімен бірге, емдік шипалығы да бар.


Тағы оқыңыз: Адыраспанмен үйді, көлікті, баланы аластау қаншалықты дұрыс? >>>


Алайда, адыраспан– улы өсімдік. Қаратау сiлемдерiнде өсетiн адыраспанды ашыққан кезде сиыр мен жылқы жеп, тыныстары тарылып, уланады.

Тұмау тиіп ауырғанда, отбасы мүшелерін адыраспанға тұз қоса отырып аластаудың магиялық функциясымен қатар ем дарытатын қасиеті де бар.

Сондай-ақ емшілікте адамның буынын сырқыраудан, аяқ-қолын қақсаудан емдеу үшін адыраспанды қайнатып, сол сумен ауырған мүшені үш мәрте булайды.

Жел-құздан қозған буын ауруын емдеу үшін адыраспанның жас сабағын қиып алып, жаншып буынға тарту керек.

Суықтан болған ауруға, терісі бөрткен кезде адамды адыраспан суына шомылдырған. Құяңмен ауырған адам адыраспанның сабақ-жапырақтарын қайнатып, күніне ұдайы екі жеті қатарынан ішуі керек.

Тіс қақсап ауырғанда, адыраспанның шөбімен ыстағаннан кейін басылады. Ұмытшақтық меңдетсе адыраспанды сабағы мен жапырағын бірге қайнатып ішеді. Көшпелілер кесіртке тәрізді жәндіктер жараланғанда адыраспанға аунап жазылатынын байқаған.

Малдың қотырын адыраспанды қайнатып жуған. Жүн мен қолөнерде қолдананылатын түрлі жіптерді бояу үшін адыраспанды көп мәрте қайнатып, қызылкүрең түсті бояу алады.

Көп ауруға ем болған адыраспанның қасиетін ғалымдарымыз да жоққа шығармайды.

Тіл ғылымдарының докторы, профессор Нұргелді Уәли:

- Адыраспанның емдік көмегі бар. Теріге түрлі жаралар мен аурулар шыққанда адыраспанмен жуындырып жатады. Адыраспанмен үйді аластайды. Оның инфекцияны кетіретін емдік қасиеті бар. Малды да аластап жатады.

Этнограф ғалым Ислам Жеменей:

-  Адыраспан жай шөп емес, тек біздің елде зерттелуі аз болып жатыр. Бізге беймәлім сырлары көп өсімдік. Шет елдік ғалымдар мұндай шөптердің қасиетін біледі және жақсы зерттеп жатыр. 

Адыраспанды зұлым күштерден арылуға көмектеседі деп үйді аластап жатады.  

Адыраспанды түтетіп үйді үш рет айналып шығып, бәле-жаладан аулақ болайық деген сенім бар. Жамандықтан және қара ниетпен келгендердің пиғылы кері кетсін деген мақсатта адыраспанды пайдаланатын едік. Бұл ырым-тиымдарды бала кезімізден көріп өстік. 

Біз адыраспанның қасиетін тек ырымдық деңгейде ғана бағалап отырмыз. Емдік қасиеті жоқ демеймін, соны зерттеп дәлелдей алмай отырмыз. Ол жай шөп емес, - дейді ғалым. 

Мәліметтер: "Қазақтың этнографиялық категориялыр, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі" энциклопедиясның 1 томынан алынды. 

Материалды дайындаған: Жанна Мәлік

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Дина Смаилова: Қазақ қызы, сен "қыздығыңмен мақтан", себебі оған қалың мал төлейді

Смаилова: Жігіттер қыздарды әйелдікке емес, құл қылу үшін алады

Су сұрап үйге кірген: Ақтөбеде ер адам 9 жасар қызды аңдып жүріп зорлап кетті

Зорлықтан қиналған бүлдіршінді әкесі тапқан

Жаңа туған нәрестені ұрлап алған әйел оны ерлі-зайыптыға сатып жіберді

Қыздың ұрланған бала екенін әйелдің өзі де, күйеуі де білмеген

"Елбасы келгенде диван да келді": Нұрлан Қоянбаев "Түнгі студия" бағдарламасы туралы өз шындығын бөлісті

Продюсер: Аз қаражатқа жұмыс істеп жүргенде бізді қысқартып жіберді

Демалыс күндері ауа райы қандай болады: Синоптиктердің болжамы

Алматыда қар жауады

Түсік тастағанын күйеуінен жасырған әйел ауруханадан өзгенің баласын ұрлап кетті

Әйел 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

LRT ісіне қатысты елорда әкімінің экс-орынбасары іздеуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеу барысы туралы хабарлады

Нұр-Сұлтан мәслихат хатшысы қамауға алынды

«Астана LRT» ісінде бес күдікті ұсталды

Қырғызстанның экс-президенті арнайы күштердің сарбазын өлтірді деп айыптады

Атамбаев күштеп ұстау әрекеті кезінде сарбазды өлтірді деген күдікке ілініп отыр

"Колбин кет": Алматы облысындағы балабақша бүлдіршіндерінің қойылымы елді шошытты

Осындай іс-әрекеттерге жол берген жауапты адамдарға ең қатаң жазалау шаралары беріледі
Çàãðóçêà...