Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әділет министрі Маргарет Тэтчерге берілген "Достық" орденінің сатуға шығарылуына қатысты пікір білдірді

Әділет министрі Азамат Есқараев Маргарет Тэтчерге берілген "Достық" орденінің интернет-дүкенде сатуға шығарылуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Коллаж Stan.kz

Министр бұл әрекетті олардың дәстүрі деп атады. 

"Біріншіден, Маргарет Тэтчердің аты аңызға айналған тұлға екенін ескеру қажет: тарихта белгілі бір рөл атқарған тұлғалардың жеке заттары, кітапханалары, марапаттары аукционға қойылып жатады, бұл – олардың мәдениетінің бір бөлігі, ұлттық ерекшеліктері", – деді министр.

Алайда министрдің айтуынша, Қазақстан заңнамасына сәйкес, мемлекеттік наградаларды сатуға жол берілмейді.

"Бұл үшін қылмыстық жауапкершілік Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қарастырылған. Ал мемлекеттік наградаларды сататын және саудалаған адам жауапқа тартылуы керек", – деді Азамат Есқараев. 

Еске салсақ, бұған дейін Назарбаевтың Маргарет Тэтчерге берген "Достық" ордені сатылымға шығарылғаны туралы жазған едік. Орден бағасы 12,5 мың фунт стерлинг (7 миллион 911 мың 425 теңге) деп көрсетілген.

Талқылау