Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы шар фестивалінде келушілерге су шашқан өрт сөндірушілер сынға ұшырады (видео)

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі әуе шар фестивалінде өрт сөндіру техникасы дұрыс мақсатта пайдаланылмады деген сынға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде келушілерге өрт сөндіру көлігімен су шашып жатқанын көрсететін видео тарады. Кейбір қолданушылар өрт сөндіру құралдарының мақсатына сай пайдаланбағанына наразы болды.

"Шарлар фестивалі өтетін жерге өрт сөндіру автокөліктерін тарту мәселесі бойынша, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шарада Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің екі өрт сөндіру автокөлігі кезекшілікте болғанын түсіндіреміз.

Ауа температурасының жоғары болуына байланысты, жаппай күн өту жағдайының алдын алу үшін дәрігерлердің ұсынысы бойынша ұйымдастырушылар жиналғандарды салқындату үшін жасанды жаңбыр жасауды ұйғарды", – деп түсіндірді ТЖД.

Сондай-ақ департамент судың бір көліктен шашылғанын, ал екінші көліктің төтенше жағдайға дайындалып тұрғанын түсіндірді. Сумен қамтуды шараны ұйымдастырушылар жүргізді.

Бұл күні "Қазгидромет" РМК хабарлағандай, облыста дауылды ескерту күшінде болды. Сған сәйкес Алматы облысының басым бөлігінде күндіз 35-39 градус ыстық сақталады. Өрт қаупі сақталды.

 

Талқылау