Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адамзатты демографиялық дағдарыс күтіп тұр: Илон Маск үндеу жасады

Белгілі америкалық миллиардер Илон Маск болашақтың басты қаупі – демографиялық дағдарыс күтіп тұрғанын айтты.

“Адамзаттың алдында тұрған ең үлкен мәселе – демографиялық дағдарыс”, – деп жазды Илон Маск өзінің Х әлеуметтік желісінде. 

Соңғы 200 жылда Жер халқының саны сегіз есеге өсті. Мәселен, 1900 жылдардың басында Жер шарында небәрі 1,6 миллиард адам болса, 2000 жылдардың басында – 6 миллиард адам, ал 2011 жылы 7 миллиард адам болды. Ал бүгінгі таңда әлем жұртшылығының саны 8 миллиардқа жетті. 

Дегенмен, БҰҰ халық санының тұрақты өсуіне қарамастан, оның өсу қарқыны соңғы уақытта баяулағанын атап өтті. 60-тан астам елде 2022-2050 жылдар аралығында “туу деңгейінің тұрақты төмендеуіне және кейбір жағдайларда эмиграция деңгейінің жоғарылауына байланысты” тұрғындар саны 1% немесе одан да көп төмендейді деп болжанып отыр.

DogeDesigner тізіміне енген елдердің қатарына Жапония, Сингапур, Вьетнам, Италия, Нидерланды, Оңтүстік Корея және Қытай кіреді.
 

Талқылау